Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

Қазақстанның барлық өңірінде ХҚО-лар жұмысы қалпына келтірілді

12 қаңтарда Алматы облысының ХҚО-лары қайта қызмет көрсете бастады. Жұмыс кестесі 9:00-ден 17:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда Қазақстанда төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты ХҚО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.

10 қаңтарда ХҚО-лар Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде іске қосылған.

Ал 11 қаңтарда Алматы қаласының ХҚО-лары жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта ХҚО-лар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істеп тұр.