Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

Елордалық екі ХҚО-ның мекенжайы өзгерді

2022 жылдың қаңтар айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданындағы №2 ХҚО мен Байқоңыр ауданындағы бөлім жаңа мекенжайларға көшірілді.

Бұрын Сауран, 7 мекенжайында орналасқан Есіл ауданының №2 ХҚО бөлімі енді клиенттерді «Хан-Шатыр» ОССО жанындағы Тұран көшесі, 37/9 мекенжайында орналасқан ғимаратта қабылдайды.

Оң жағалауда да жаңа бөлім Иманов көшесі, 20 мекенжайы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсете бастады. Абай, көшесі 80 мекенжайындағы бөлім жабылып қалды.

ХҚО бөлімдерінің жаңа локациясы аталған аудан тұрғындарын мемлекеттік қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді.

Астанадағы ХҚО бөлімдерінің тізімі:

- Есіл ауданының №1 ХҚО бөлімі – Мәңгілік Ел көшесі, 30
- Алматы ауданының ХҚО – Тәуелсіздік көшесі, 32
- Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО бөлімі – Ермек Серкебаев көшесі, 13
- Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО бөлімі – Республика даңғылы, 43.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ХҚО бөлімдеріне барған кезде клиенттерге санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет – бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Ashyq қосымшасы бойынша ХҚО-ға кіру – қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар азаматтарға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті ақпаратты 1414 нөмірі және Instagram және Facebook-тегі @gov4c.kz ресми бренд беттерінен алуға болады.