Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

Мемлекеттік корпорация өкілдері мен Ұлытау облысының әкімі өңірдегі ХҚО-лар жұмысын талқылады

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Абаханов пен Ұлытау облысы филиалының директоры аймақ әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кездесті.

Кездесуде Нұрсұлтан Абаханов облыс әкіміне Мемлекеттік корпорация филиалының жаңа директоры Жанғазы Рахимовты таныстырды.

Сонымен қатар, Басқарма төрағасының орынбасары Мемлекеттік корпорацияның алдағы жоспары туралы айтып, жаңадан құрылған облыстағы ХҚО қызметін дамытудың маңызына тоқталды.

Мемлекеттік корпорация өкілдері әкіммен кездесу барысында өңір азаматтары үшін жаңа мамандандырылған ХҚО құрылысының қажетін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде Ұлытау облысында 6 ХҚО жұмыс істейді, олардың екеуінде, нақтыласақ, Жезқазған және Жаңаарқа ауданында мамандандырылған ХҚО бөлімшелері бар. Жаңа мамандандырылған ХҚО-ның ашылуы ретсіз кезекті азайтуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектеседі.

Облыс әкімі жаңа мамандандырылған ХҚО салу жөніндегі бастамаларды қолдап, осы бағытта жұмыс жүргізуге уәде берді.